KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Болмаған балалық шақ» - үздік спектакль

instagram/mambetov_theatre

6.10.2024, 11:00 86 Назерке Каримова

Өскеменде қазақ драма теарларының XXX республикалық фестивалi мәресіне жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бес күн бойы шығыстың төрінде еліміздің әр өңірінен келген өнер ұжымдары өздерінің үздік қойылымдарын көрермен назарына ұсынды. Көрнекті жазушы және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған фестивальге сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен 10 театр қатысты.

Фестивальға мәдениет және ақпарат министрлігі жүлде қорын және ШҚО әкімдігінің атынан арнайы жүлдеге 2,5 млн теңге қаржы тағайындалған болатын. Кеше өнер додасы мәресіне жетіп, қазылар алқасы үздіктерді таңдады.

«Үздік сценографиялық шешім» - ШҚО драма және оперетта театры О. Бөкей «Қар қызы» драмасы

«Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» - Қ. Мұрат «Мұғалім» қойылымындағы Нариманның әжесі рөлі үшін Алихан Ыдырышева, Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры;

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» - «WOLGAKINDER» қойылымындағы Васька рөлі үшін Зангар Ахметказы, Республикалық Неміс драма театры;

«Үздік режиссерлік шешім» - «Қобыланды» қойылымы үшін Дина Жұмабай, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры;

«Бердібек Соқпақбаев атындағы арнайы сыйлық» - Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры;

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің арнайы сыйлығы» - ШҚО драма және оперетта театры О. Бөкей «Қар қызы» драмасы;

«Үздік спектакль» - А. Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы, Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу