KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

ҰЛЫ ӨНЕР АЛТАЙҒА АТ БАЙЛАДЫ

2.10.2024, 09:00 167 Төлеуғазы Жансая

2024 жылғы 1-5 қазан аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXX республикалық фестивалi өтеді.

Фестивальге сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен еліміздегі 10 театр қатысады. 
Қойылымдарды құрамына Қазақстанның танымал театр сыншылары кіретін қазылар алқасы бағалайтын болады.
Өнер жәрмеңкесі басталмас бұрын фестивальдің құрметті меймандары КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, «Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкерін ойнаған актер, сценарист, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сiңiрген  қайраткерi   Нұрлан Санжарұлы сынды өнер қайраткерлері мен театр мамандары журналистермен баспасөз конференциясын өткізді. 

Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтары Республикалық академиялық неміс драма театры, Г.Яхинаның «Wolgakinder», Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, Б.Соқпақбаевтың «Қайдасың, Гауһар», Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры, А.Елгезектің «Болмаған балалық шақ», Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Ф.Достоевский, М.Омарованың «Қара бала», «Дариға-ай» жастар театры, М.Әуезовтің «Жетім», Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры, Б.Соқпақбаевтың «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық», Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа», Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры, Қ. Мұраттың «Мұғалім», Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры, «Кобыланды» халықтық эпосын, 
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры, О.Бөкейдің «Қар қызы» атты туындыларын тамашалай алатын болады. 
Фестиваль шымылдығын бірінші болып
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» қойылымымен ашты. 
Қалған қойылымдарды көрермендер күн сайын сағат 11:00 де және 19:00 де,
(5-қазандағы қойылымдар сағ. 10:00 де және 15:00 де) Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында (Қ.Сәтбаев даңғылы 55) тамашалай алады. 
Қойылымдарға кіру тегін. 
Келіңіздер, көріңіздер!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив