Балық аулау қауіпсіздігі: өзіңізбен бірге не алу керек?
Балық аулау – жақсы хобби түрі, бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда ол өте қауіпті болуы мүмкін. Өкінішке қарай, бұл демалысты сүйетіндердің көбі мұны ұмытып кетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысында 3 балықшы қаза тапты. ШҚО ТЖД құтқарушылары жазатайым оқиғаларға талдау жасап, балықшылардың өлімінің келесі себептерін анықтады: балықшылар жиі мас күйінде және қауіпсіздік шараларын бұзған, су айдындарында жеке құтқару құралдарынсыз болған кезде қаза болады
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда алдын алу жұмыстары күшейтілді. Балық аулаушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.
ШҚО ТЖД келесі ережелерді еске салады:
Қайықта жүргендердің бәрінде міндетті түрде құтқару кеудешелері болуы тиіс.
Шағын көлемді кемелерде қайыққа отырғызар алдында оны мұқият қарап, оның қауіпсіздігіне көз жеткізу қажет.
Құтқару шеңбері мен су ағызуға арналған сыйымдылықтың болуы міндетті.
Балық аулауға барар кезде ауа райының жағдайын алдын ала білу.
Жақындарыңызға қайда баратыныңызды және шамамен қайту уақытын үнемі хабарлаңыз. Қараңғы түскенге дейін осылай істеуге тырысыңыз.
Өзімен бірге міндетті түрде медициналық қобдишасы, жергілікті жердің картасы болуы тиіс.
Мас күйiнде балық аулауға қатаң тыйым салынады.
Өзіңізбен бірге балық аулауға міндетті түрде:
Жіп
Әрқашан берік жіптің орамын алыңыз. Ол басқа балықшыларды құтқару үшін қажет.
Ысқырық
Ол судағы төтенше жағдай кезінде айналасындағылардың назарын аударуға көмектеседі. Оны тез қол жетімділікте ұстаңыз.
Байланыс құралдары
Телефон құтқарушыларды шақыру үшін қажет. Телефонды судан қорғайтын қаптарда ұстаңыз.
Құтқару кеудешесі суға батпауға көмектеседі.