Қауіпсіздік шараларын сақтамағандар жауапкершілікке тартылды – ШҚО
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД құтқарушылары, полиция және көліктік бақылау инспекциясының өкілдері демалу орындарындарында рейд жүргізіп, қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалады.
Жалпы өңірде шомылу кезеңі басталғаннан бері барлығы 713 рейд жүргізілген, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Алдын алу шараларының және рейд нәтижесінде 11 адам ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша және 1 адам ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы, яғни шағын көлемді кемелерді пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
- Жауапкершілікке тартылғандар арасында катарамандарға немесе өзге де су көлігіне отырғанда құтқару кеудешелерін кимеген және жабдықталмаған орындарда суға шомылған тұрғындар бар. Өңір тұрғындарын демалыс орындарына барған жағдайда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Сонлай-ақ ШҚО ТЖД құтқарушылары төменде көрсетілген ережелерді қатаң сақтау керектігін ескертеді:
- тек рұқсат етілген, жабдықталған жағажайларда суға шомылыңыз;
- су көлігіне отырған жағдайда қауіпсіздік ережелерімен жақын танысып, қатаң сақтаңыз;
- су айдындарына шыққан кезде міндетті түрде құтқару кеудешелерін кию керек;
- қайықтан, катамарандардан секіруге тыйым салынады;
- 16 жасқа дейінгі балаларға ересектерсіз жүзу құралдарымен жүруге болмайды;
- Қайықта отырғанда бір жерден, екінші жерге ауысуға немесе екінші қайыққа ауысуға тыйым салынады.
Оқи отырыңыз