Балықшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді – ШҚО
Фото: maytan.kz
ШҚО-да мұз үстінде балық аулайтындарға қауіпсіздікті түсіндіру үшін 460 рейд жүргізілді.
Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді,деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі
- Қыс басталғалы бері құтқарушылар су айдындарында 460-тан астам рейд жүргізді. Сондай-ақ 164 нұсқаулық, 19 жиын өткізіп, онда балықшыларға мұзда жүру ережелерін түсіндіріп, жадынамалар таратты. ҚР ӘКБтК-нің 412-бабын бұзғаны үшін 1 балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.
Рейд барысында ТЖД қызметкерлері халыққа бір-біріне көмекке келе алу үшін балық аулауға жалғыз бармау керектігін еске салды.
- Азаматтардан мұздағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес қалыңдығы 25 см кем мұзға шыққан кезде өзімен бірге ысқырық, құтқару жилеті, диаметрі кемінде 11 мм арқан, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ және су өткізбейтін пакетте ұялы телефон болуы қажет, - деп түсіндірді департамент өкілдері.
Оқи отырыңыз