KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қайық аударылып, 3 адам суға кете жаздады - Өскемен

7.05.2021, 16:38 278

 6 мамырда 23 сағат 39 минутта ШҚО ТЖД-ға Өскемендегі Аблакетка ауданында қайықта жүрген үш ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар төңкерілген резеңке қайықты және 1986, 1989, 1990 жылы туған үш адамды көреді. Сол мезетте катер мен "SUNRISE" резиденциясының жанында орналасқан қызметкер Эдуард Лискаускас та көмекке келген. Ол "Жолбарыс-Күзет" күзет агенттігінің күзетшісі Талғат Дарубаевпен бірге зардап шеккендерді құтқарушылармен бірге жағаға шығарды.

-  Осыдан кейін ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері төңкерілген қайықты жағаға жеткізді. Апат қарапайым қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан орын алды. 2 адамға арналған қайыққа шамадан тыс жүктелгендіктен аударылып қалған, ал ондағы адамдар құтқару жилетінсіз болған , - деп хабарлайды құтқарушылар.  

          ШҚО ТЖД су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады.  Қайықпен серуен құрған кезде  құтқару жилеті мен шеңбер болу керек және  оған шамадан тыс жүк артпакға кеңес бередң. Түнгі уақытта жүзу және қайық, кемелерді мас күйінде басқаруға қатаң тыйым салынады.  

           

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу