KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 4 м/с, Ю
522.91 548.85 5.05

Күзде балық аулау қауіпті

Фото: egemen.kz

1.11.2023, 12:51 261

ШҚО ТЖД дерегіне сүйенсек, күзде су суып, күн райы құбылмалы болады. Осындай кезде балық аулау — қауіпті. Балық аулауға шыққан адам жүзе алмауы немесе мас күйде болуы, қатты жел тұрып, балықшының қайықта жалғыз қалып қоюы, қараңғыда балық аулау сынды факторлар қауіпті арттыра түседі.

Құтқарушылар қауіпсіщдік мақсатында 50-ден астам профилактикалық рейд жүргізген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биыл облыста қауіпсіздік талаптарын білмеу немесе оны орындамаудың салдарынан 2 қайғылы жағдай тіркелген.

Рейд барысында құтқарушылар 400-ге жуық азаматқа су айдындарында болғанда ескеру қажет талаптарды түсіндірген. Мамандар балық аулауға қажетті дүниелерді сататын дүкендерде 7 жиын өткізіп, балықшыларға жел соққанда немесе қараңғы түскеннен кейін балық аулауға шықпау қажеттігін ескерткен.

ШҚО ТЖД мамандары құтқару кеудешесін киіп, қайыққа көп дүние артапау қажет екенін мәлімдеді. Жүзе алмайтын адам балық аулауға қайықпен шықпағаны жөн. Қайықтың түбінде тесік жоқтығына көз жеткізу керек. Балық аулауға шыққанда қуаты толы телефон алу, балық аулайтын орынның мекенжайы туралы жақын адамдарына хабарлау қажет.

Қайық аударылып қалғанда оның үстіне шығуға тырыспаған жөн.

Төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу