KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Тағы да алаяқтық: Өскемен тұрғыны өз құрбысын алдап келген

Фото: depositphotos.com

9.10.2024, 10:30 106 Ержан Әбіш

Өскемен қаласының полициясына жергілікті тұрғын құрбысының алдап алаяқтық жасағаны туралы арыз жазып, жүгінген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, ол 2022 жылдың қыркүйегінде жеке кәсіп ашқан. Кейіннен, құрбысынан бухгалтерлік қызмет бойынша, оның ішінде табыс салығын төлеуге және қызметкерлердің зейнетақы төлемдерін аударуға көмектесуін сұраған. Осылайша, ол «көмекшісінің» шотына ай сайын ақша аударып отырған.

Алайда, біраз уақыттан кейін «есепші» тиісті міндеттемелерін орындамай, барлық аударылған қаражатты өз қажетіне жұмсап жібергені анықталған. Келтірілген жалпы шығын сомасы – 3 миллион теңге.

39 жастағы күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу