Көршісі азық-түлік сатып әкелемін деп, зейнеткердің қаражатын иемденіп кетті – Өскемен
Облыс орталығының тұрғыны өзінің көршісі жасаған алаяқтық әрекетінің құрбаны болды.
Зейнеткердің пәтеріне келген көршісі «азық-түлік сатып алып келуге көмектесемін деп уәде беріп», алайда қарияны алдап, арам ойын асырған. Осылайша қарт зейнеткер азық-түліксіз қалған. Келтірілген шығын сомасы 30 000 теңгені құрады.
- 17 қаңтарда Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 72 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 35 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Қаскөй өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.