KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Өскеменнен Ресейге ұшатын әуе рейстерінің кестесі өзгереді

instagram/airport_oskemen

Кеше, 16:00 44 Назерке Каримова

Новосібірге аптасына екі рет, ал Мәскеуге аптасына бір рет ұшақ ұшады.

Бұл өзгерістер қазан айының соңында енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- 26 қазанға дейін Новосібірге дейінгі рейстерге QAZAQ AIR және S7 Airlines әуекомпаниялары қызмет көрсетеді. Мәселен, QAZAQ AIR әуекомпаниясымен қатынаушылар сәрсенбі және жексенбі күндері ұшады. Ал S7 Airlines әуекомпаниясы сейсенбі және сенбі күндері осы бағытта ұшады, - деп хабарлады "Өскемен әуежайы" АҚ. - 27 қазаннан бастап Новосібірге тек қана S7 Airlines әуекомпаниясы ғана ұшатын болады. Бұл әуекомпаниясы аптасына екі рет: сәрсенбі және жексенбі күндері ғана екі ел арасында қатынамақ.


Сондай-ақ, 27 қазаннан бастап Мәскеуге ұшатын рейстер қысқы кестеген көшеді.

Бүгінгі таңда Мәскеуге ұшақтар аптасына екі рет ұшады (сәрсенбі, жексенбі күндері).

27 қазаннан бастап қысқы кестеге көшетіндіктен Мәскеуге ұшақ аптасына бір рет қана ұшады (қараша айының 2-сі және 9-ы сенбі күндері).

- Бұдан кейін Мәскеуге ұшатын әуе рейстері авиакомпанияның өндірістік қажеттіліктеріне байланысты уақытша тоқтатылады және 24 желтоқсаннан бастап әр аптаның сейсенбі күндері әуе рейстері қайта іске қосылады, - деп ескертті "Өскемен әуежайы" АҚ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив