Тамырдан жасалған туындылар туристерді тамсандырды
"Шығыс салбурыны" фестивалінің қонақтары ағаштың тамырынан жасалған туындыларды ерекше бағалады, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
"Тарих тағылымы: кешеміз, бүгініміз, болашағымыз" атты ағаш тамырынан жасалған туынды Асан қайғының нарын түйесі, тар заманның зарын шерткен қобыз, маралдың мүйізі, самұрық құстың ұясы арқылы қазақтың өткені мен келешегін сипаттап, әуезді күймен, айналып, Ертөстік жырын жырлайды.
Шебердің қолынан ағаштан, ағаш тамырынан бөлек, сүйектерден де ұлттық құндылығымызды сипаттайтын талай туындылар шықты.
"Шығыс салбурыны" фестиваліне келген туристер мұндай қолөнер туындыларын естелікке алып жатты.
Ақерке Рағызбаева