KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

“Шығыс салбурыны-2024” фестивалінде биші “ортеке” өнер көрсетуде

Кеше, 12:10 70 Назерке Каримова

Қазақ қуыршақ өнерінің бастауы саналған «Ортеке» былтыр ЮНЕСКО-ның адам­заттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Домбырасын қолға алып, күй төгілте бастағаны сол еді, ағаш жануар билеп қоя берді. Тұрған орнында әрі-бері секіріп, түз тағысындай ойқастайды келіп. Тұяғының дыбысы “Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалін тамашалауға келушілердің назарын бірден өзіне аударды. Тық-тық-тық... Әсем әуенге еліткен жұрт шанақтан төгілген күймен үндесе билеген қуыршақ текеге тәнті болып, әр қимылынан көз ала алмай қарап тұр. Иә, бұл – «Ортеке» биі.

Бұл туындының авторы “Шығыс салбурыны-2024” фестиваліне көршілес Қытай мемлекетінен келген өнерпаз Ерсінбек Тойғанбекұлы екен. 

- Бір аптаның ішінде ұлттық құндылықтарды насихаттайтын туындыны жасап шығардым. Мұндағы басты мақсат - ата-бабаларымыздың бекзаттық мәдени мұрасын дамыту, - деді Ерсінбек Тойғанбекұлы.


Ажар Сағатпекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив