KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Салбурында сатылған саптамалар

Кеше, 16:30 45 Назерке Каримова

Дүйім жұрттың басын қосып, тағыға таласқа түскен жүйріктер додасында небір қолөнер бұйымдары көрмеге қойылып, саудаға салынды. 

Соның ішінде қансонарда аңға шығатын көшпенді қазақ үшін ата заманнан маңызды аяқ киім - саптама етіктер. 

“Аңшыны аяғы асырайды” дейді қазақ, себебі қыстың қақаған аязына бой алдырмау аяқтың жылылығына байланысты. Фестивальда сатылған саптамалар арасында қой терісінен, сиыр мен жылқы терісінен, тіпті ит терісінен дк жасалғандары да болды. Бағасы 30-40 мыңнын бастап 70-75 мыңға дейін жетіп жығылатын самтамаларға сұраныс та баршылық. Ол туралы кәсіпкер Ғалымжан Қарақас айтып өтті. 

- 20 жылдай Қазақстанға оралып, кәсіппен айналысып келемін. Бүгінде бұл саптамаларды Моңғолиялан алдырып сатудамын. Өзім көпбалалы анамын. Алдағы уақытта кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларының аясында осындай етіктер тігетін фабриканы Шығыс Қазақстанда да ашсақ па деген ой бар, дейді Ғалымжан ханым.


Осылай деген кәсіпкер келіншек табиғи материалдан, оның ішінде теріден жасалған етіктер сапасының мықтылығы сонша - атадан балаға беріле беретін, тозбайтын зат деп алға тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив