KZ
Өскемен
+1°
снег жел 1 м/с, СШ
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да 780 әйел декреттік төлемді арттыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген – Антикор

depositphotos.com

Бүгін, 16:00 1 Ержан Әбіш
Шығыс Қазақстан облысында Антикор 780 әйелдің декреттік төлемді арттыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі КAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, бала күтіп жүрген кейбір шығысқазақстандық әйелдер декреттік төлем мөлшерін арттыру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Ал босанғаннан кейін бірден кәсібін жауып тастаған.

Мәселен, Өскемен қаласының тұрғыны шаштараз қызметін көрсетемін деп кәсібін тіркеді. Сөйтіп әлеуметтік аударымдарды көбейтіп, 2 млн теңгеге жуық декреттік төлем алды. Ал бала туғаннан бір ай өткен соң кәсібін жапты.

«Төлем алудың осындай механизмін облыс бойынша 780 әйел іске асырды. Олар жеке кәсіпкер ретінде 1-ден 5 айға дейін ғана тіркеліп тұрған. Бұл фактілерден біз белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін көріп отырмыз. Өйткені жеке кәсіпкерлер өз жұмысын бірден тоқтатып жатыр. Сондықтан осы мәселені заң шеңберіне сәйкес қарау керек», - деді департамент басшысы Денис Шакенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив