Күнбағыс өнімділігі бойынша қай аудандар көш бастап тұр? – ШҚО
Фото: Нелли Петенева
Ресей Қазақстаннан бидай, жасымық, қызанақ сынды бірқатар өнімді жеткізуге уақытша шектеу қойды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Мұндай шешімді ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет қабылдаған. Ресейлік мекеме оларды карантиндік тауардың тізіміне кіргізіп отыр. Сонымен қатар Ресейге өзге елдерден күнбағыс тұқымын әкелуге уақытша тыйым салынды, – деді басқарма басшысы.
Облыс диқаншылары күнбағысы алқаптарының 90 пайызын жинап үлгерді. Бүгінде Алтай, Үлкен Нарын, Шемонаиха аудандары күнбағыс өнімділігі бойынша көш бастап тұр.
Ажар Мұратқызы
Оқи отырыңыз