KZ
Өскемен
-12°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Ресей Қазақстаннан жеткізілетін кей өнімдерге уақытша тыйым салды

17.10.2024, 19:30 86 Төлеуғазы Жансая

"Россельхознадзор" Қазақстаннан Ресейге әкелінетін бидай мен басқа да бірқатар ауылшаруашылық өнімін әкелуге уақытша тыйым салды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

17 қазаннан бастап "Россельхознадзор" шешімімен Қазақстаннан өнімдерді әкелуге уақытша тыйым салынды, атап айтқанда:

  • бидай (жұмсақ және қатты),
  • жасымық, майлы зығыр тұқымдары.

Қазақстан тарабы фитосанитариялық сертификаттарды тікелей түпкілікті межелі елге ресімдеген және астықты теміржол вагондарынан тікелей кеме трюмдеріне ауыстырып тиеу, яғни астық транзитін қоспағанда; қызанақ; бұрыш; күнбағыс тұқымдары (үшінші елден шыққан); жаңа піскеен қауын (Қазақстаннан шыққан).

Қаулыға ведомство басшысының орынбасары 14 қазанда қол қойып, бүгін, 17 қазанда қолданысқа енгізілді.

Еске салайық, қазан айының басында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы "Россельхознадзордың" қазақстандық астық, қызанақ, бұрыш және күнбағыс тұқымын экспорттауды тоқтату туралы өтініші туралы айтқан болатын. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу