Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД жаңа басшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке әділет полковнигі Нұрбек Қабдікарімов келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Нұрбек Төлеубекұлы 1982 жылы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Ақжар ауылында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Соңғы атқарған қызметі – ШҚО ҚАЖД бастығының орынбасары, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қызмет барысында Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында және Астана қаласында пенитенциарлық жүйеде түрлі басшылық қызметтерді атқарған.