Тамара Дүйсенова: Қазақ тілі - елдегі барлық ұлтты біріктіретін тіл
Өскемендегі «Үміт» балалар үйіне ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова арнайы барып, аталмыш орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері Тамара Босымбекқызын бұл мекемедегі түрлі үйірмелердің жұмыс барысымен таныстырды. Оның ішінде қазақ тілі орталығы бар.
- Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін, тілін үйретіп, білім көкжиектерін кеңейтетін мұндай үйірменің жұмыс істеп тұрғаны қуантады. Қазақ тілі біздің елімізде тұрып жатқан барлық ұлтты біріктіреді, жақындастырады. Елдің ілгері басуы осы бірліктің, тұрақтылықтың арқасы екенін естен шығармауымыз керек. Қазір барлық бала үшін тамаша жағдай жасалуда, - деген Тамара Дүйсенова жас буынға да кеңесін берді. - Сондықтан сіздер, балалар дұрыс білім мен тәрбие алуларыңыз қажет. Бізді әсіресе, мұндағы балалардың қазақ тілін өзінің ана тіліндей меңгергені ерекше қуантады, - деді ол.
Сондай-ақ, іссапар барысында вице-премьер балалар үйінің тәрбиеленушілері ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалады.
Ажар Сағатбекова
Фото: Махаббат Ахметжанова
Оқи отырыңыз













