KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Шахтерлердің зейнетке шығу жасы төмендей ме?

16.05.2023, 20:30 320 Оразай Жеңісұлы

Шахтерлердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі қашан шешілуі мүмкін? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді.

«Кеше мен жұмыс берушілермен кездестім. Бүгін тағы бір рет кездесеміз. Жақында біз белгілі бір шешімге келеміз деп ойлаймын», – деді Тамара Дүйсенова.

Министр бұл мәселе бойынша қай кезде болса да келісімге келуге дайын екенін мәлім етті.

«Мен ертең-ақ белгілі келісімге келуге дайынмын, бірақ бұл біздің серіктестерімізге де байланысты. Айдың соңына қарай бұл мәселе бойынша нәтижелер белгілі болып қалады деп ойлаймын», – деді Тамара Дүйсенова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив