KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Саяси жүйедегі трансформация: Қазақстандықтар әкімдерді өздері сайлайтын болады

Фото: Жасанды интеллект

Кеше, 18:00 43 Төлеуғазы Жансая

Келесі жылдан бастап Қазақстанда әкімдерді сайлаудың жаңа жүйесі жұмыс істей бастайды. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тек тікелей сайлау арқылы сайланады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Қ.Тоқаев мұны саяси жүйені өзгертудегі келесі маңызды қадам деп атады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Сонымен, алдағы жылы қала әкімдерін сайлау мүмкін бе және қазіргі әкімдер үміткер бола ала ма?  Әкімдер қалай сайланады?

Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес, әкiмдi төрт жыл мерзiмге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң халқы жалпыға ортақ, тең, тікелей сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы кемiнде 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан сайлайды.

Ауданның және облыстық маңызы бар қаланың сайланған әкімінің өкілеттігі өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ әкім қайтыс болған жағдайда, әкімді әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде, саяси партияға мүшелiгi тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ жоғары тұрған әкiм және мәслихат депутаттары сенiмсiздiк вотумын білдірген жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Сайланған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің өз өкілеттігі кезеңінде зейнеткерлік жасқа жетуі оның өкілеттігін тоқтатуға негіз болып саналмайды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу