KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 4 м/с, ОБ
494.84 537.4 5.58

Келесі жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланбақ

2.09.2022, 17:27 204

Келесі жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда қанатқақты режимде әкімдер сайлауы өткізілмек. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Бұл құжатта аталған сайлауға қатысты тиісті нормалар ескерілген.

-        Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін тағайындау Мемлекет басшысының баламалы негізде мәслихат қарауына кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Былтыр ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау өткізілді. Ал 2023 жылдан бастап қанатқақты режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізілетін болады, - деді А. Мұқанова заң жобасын таныстыру барысында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу