KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
495.28 518.41 5.44

Осы жексенбіде ШҚО-ның 2 ауданында әкімдерді сайлау өтеді

Фото: egemen.kz

3.11.2023, 10:30 243

5 қараша күні Глубокое және Алтай аудандарында пилоттық режимда аудан әкімін сайлау өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында облыстық маңызы бар аудан және қала әкімдерін сайлауды атап өтті.

ШҚО мәслихатының депутаттары Глубокоое және Алтай аудандарын пилоттық саяси науқанды өткізетін аудан ретінде таңдап алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Глубкоке ауданында 3 адам кандидат ретінде тіркелген, Алтай ауданында олардың саны — 2.

Қазір сайлау учаскелері науқанға дайын. Учаскелік және аумақтық комиссияның құрамы бекітіліп, жария етілді.

Халықты кеңінен ақпарат тарату үшін сайлау комиссиясының мүшелері дауыс берудің уақыты мен орны көрсетілген шақыру қағаздарын таратқан. Сонымен қатар, телеарналар мен радиостанцияларда бейнежазба, аудиороликтер қойылып, әлеуметтік желілерде сайлау туралы инфографикалар жарияланды. Әр сайлау учаскесінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар орналастырылған.

Аудандардағы сайлау учаскелеріне тіркелу туралы ақпарат тарату үшін әкімдіктердің жанынан екі CALL-орталық ашылған. Сонымен қатар, «Электрондық қызмет көрсету орталығы» порталының «Өз сайлау учаскеңді тап» қызметінен  және «Digital East» мобильді қосымшасынан сайлау учаскесіне дұрыс тіркелгеніңізді тексеруге болады.

Халыққа SMS-хабарлама арқылы алдағы уақытта болатын сайлау туралы хабарланады.

1000-нан астам сайлаушы тіркелген 27 учаскеде азаматтардың тіркелген мекенжайын тексеретін онлайн қызметтер орнатылады.

Мемлекет басшысының бұйрығына сай биыл облыстық маңызы бар 45 аудан мен қалада пилоттық режимде әкімді сайлау өтеді.

                                 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу