KZ
Өскемен
-25°
плотный туман Штиль
514.93 536.04 5.18

Зейнетақы жинақтарын пайдалану: 2025 жылдың жеткілікті шек мөлшерлемесі қандай?

Фото: БЖЗҚ

6.12.2024, 10:50 73 Гульжан Мусина

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2025 жылы зейнетақы жинақтарын пайдалануға арналған  жеткілікті шек мөлшерлемесін жариялады, - деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Жаңа жеткілікті шек Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Айта кетерлігі, 2025 жылға арналған шек мөлшері өзгеріссіз қалды. Олар жас ерекшеліктеріне байланысты 3 миллионнан 10 миллион теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Мысалы, 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңге болса, 30 жастағылар үшін – 4 миллион 580 мың теңге, ал 40 жастағы азаматтар үшін – 6 миллион 100 мың теңге.

Анықтама: ТЖШ – бұл ай сайынғы зейнетақының мөлшерін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған) ең төменгі мөлшері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу