Зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері ұлғайды
Фото: egov.kz
Зейнеткерлікке 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлем мөлшері жаңа жылдан бастап 5%-ға артты, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Зейнетақы қорынан берілетін төлемдер Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім басшысының айтуынша, қордан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемі тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады. Осылайша, жыл басынан бері БЖЗҚ-дан берілетін ең төменгі төлем мөлшері 30 384,9 теңгені (70% * 43 407 теңге) құрады, бұл жерде 43 407 теңге - ең төменгі күнкөріс деңгейі.
Бұдан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері 5%-ға ұлғайтылып отырады. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін төленеді.
Айна Ескенқызы