KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі анықталды

Фото: zakon.kz

12.12.2023, 12:30 499 Анель Слямғазықызы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын пайдаланудың 2024 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегін жариялады, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жеткілікті шек мөлшерлемесі күшіне енеді. 2024 жылға арналған шекті мәндер өзгерген жоқ.

Әдістемеге сәйкес, 2024 жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2024 жылға арналған төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:


  1. ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
  2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;
  3. зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;
  4. базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің   шамасы – 43 407 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу