KZ
Өскемен
-11°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
522.63 548.66 5.07

Оқушылар үшін робот техникасы үйірмелері ашылды

Бүгін, 10:30 25 Гульжан Мусина

Аталмыш моноқаланың сегіз мектебінде ерекше жалпы білім беру жобасы жүзеге асырылуда. Ескiрген жабдықтарды жаңаға алмастыру және информатика мұғалiмдерiн заманауи пәнге оқыту көзделуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Риддерлік әр мектепте осы үйірмелерге 50 баладан қатысады. Бұл балалар үшін технологияны терең зерттеуге, роботтарды құрастырып, бағдарламалауға, сондай-ақ командалық жұмыс пен шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға тамаша мүмкіндік. Бастаманың тиімді тұсы - үйірмелерде оқытудың тегіндігі.

Айта кетейік, маңызды жоба «Казцинк» ЖШС мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып отыр. Компания бастаманы қолдауға 20 миллион теңге бөлген.

- Бүгінде робототехника - білім берудің ең перспективалы бағыттарының бірі, - деп атап өтті «Казцинк» компаниясының басқарушы директоры Андрей Лазарев. - Сабақтар балаларға болашақта қажетті дағдыларды дамытуға көмектеседі. Робототехника заманауи мамандықтар әлеміне қадам басуға және жаңа салаларда өздерін сынап көруге мүмкіндік береді. Біздің компания балалардың түрлі таланттарын қолдауға әрдайым қуана кіріседі. Оның үстіне Риддерде біздің бірнеше бөлімше орналасқан.

Айта кетейік, үйірмелерге қатысатын балалар келесі жылы робототехника бойынша халықаралық чемпионатқа қосымша іріктеуден өтпей-ақ қатысады.

- Бүгін бізде Риддер үшін айтулы және маңызды оқиға, - деп атап өтті ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева. - Шынында да, 8 мектептің оқушылары бірден робот техникасы бойынша заманауи білімді игеруге тамаша мүмкіндік алады. Бұл оларға болашақ мамандықтарын таңдау кезінде бағдарлануға және өздерін болашақ оқудағы және кейінгі жұмыстағы жетістіктерге дайындауға мүмкіндік береді.

Мәселен, бесінші сынып оқушысы Андрей Афанасьев үйірмелерге қызығушылық танытып, облыстық жарыстарға қатысып, 1-орынды иеленген. Республика деңгейінде әлі жүлдегерлер қатарына ілікпегенімен, бастысы – жетістікке жетелейтін алғашқы қадам жасалды.

- Біз жапонның сумо күресіне қатысатын танымал роботты құрастырдық, - дейді Андрей Афанасьев. - Қолданыстағы ережелер бойынша ол қарсыласын шеңберден тыс жерге итеріп жіберуі тиіс. Робот онымен кездескенде, автоматты беріліс қорабы өз мақсатына жетіп, жеңуі үшін жылдамдықты және қысымды бірден арттырады.

 Таир Сапарғалиев,

Фото: Казцинк

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу