KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 5 м/с, В
516.93 542.52 4.98

Өскеменде аутист балаларға арналған бірегей балабақша ашылды

17.12.2019, 13:45 159

Өскеменде ерекше балабақша ашылды. Бұл мекеме қаладағы аутизмге ұшыраған балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесін толығымен шешеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш жоба қала әкімдігі мен бизнес-құрылымдардың әлеуметтік серіктестігі аясында жүзеге асырылып отыр. Одан бөлек, жергілікті атқарушы органдар тарапынан 31 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылмақ. Балабақша 80 баланы қамти алады.

"Страна Чудес" балабақшасы аутистік спектрі ерекше балаларды қолдау үшін сапалы жабдықталып, білікті мамандармен камтамасыз етілген.

Ашылу рәсіміне қатысқан Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар инклюзивті білім берудің маңыздылығын атап өтті.

Бүгінде Өскеменде 3-6 жастағы ерекше күтімді қажет ететін 1415 бала тұрады. Оның 85-і аутистік спектрі бұзылғандар санатында. Білікті көмек әлеуметтік ортада өмір сүру үшін балалардың әлеуметтік, коммуникативтік және тұрмыстық дағдыларын түзетуге, сондай-ақ, оларды мектептердің инклюзивті сыныптарында одан әрі оқуға дайындауға көмектеседі.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу