ШҚО әкімі Ермек Көшербаев «Казцинк» бас директорымен кездесті
Шығыс Қазақстан облысының әкімі «Казцинк» ЖШС-ның жаңа бас директоры Жанат Жанботинмен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесу барысында жастарды жұмыспен қамту және білікті мамандар даярлау үшін колледждерде бейінді бағыттар құру мәселелері талқыланды.
Жанат Жанботин компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті басты орынға қойып, өндірістік бөлімшелер орналасқан қалаларды дамытуға әлі де күш салатынын атап өтті.
Айта кетейік, «Казцинк ЖШС түсті металлургия саласындағы көшбасшы кәсіпорынның бірі. Компания мырыш, мыс, алтын, күміс және қорғасын өндіреді. Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында өндірістік бөлімшелері бар.
Компания аталмыш өңірлердің әлеуметтік дамуына атсалысып, маңызды жобаларға қаражат салып келеді. Сондай-ақ өндіріс үрдісіне жаңа технологияларды енгізуге бейім.
Естеріңізге сала кетейік, «Казцинк» ЖШС меморандум аясында Риддер қаласында 600 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ басқа да әлеуметтік нысандар бойынша бірлескен жобалар қарастырылған.