Жасанды интеллект - дамудың жаңа кезеңіне бастайды
Мемлекет басшысы өз сұхбатында “Цифрландыру – Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша беделді жаһандық рейтингтерде тұрақты жетекші орынға ие.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның әлемдік рейтингінде (E-Government Development Index, EGDI) 193 елдің арасында 28-орында болып, алғашқы 30 мемлекеттің қатарына енді” - деп айтып өтіпті. Шырдығында мойындау керек, еліміз цифрландыру жүйесі бойынша және оның қол жетімділігі жағынан ыңғайлы. Көптеген қызметтерді, банк жүйесі болсын үйден шықпай бір телефонның көмегімен біраз жұмысты атқаруға болады. Бұл салада енді жасанды интелектті дамытуды да айтып өткендігін оқыдық, демек әлі де дамудың жаңа кезеңдері басталады деп үміттенеміз.
Фото: пікір білдірушіден
Бақдаулет Анасов, С.Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкері