KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Цифрландыру және ақпараттық технология мамандары облыс әкімінің алғыс хатын алды

11.11.2024, 13:30 119 Гульжан Мусина

10 қараша Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай Шығыс Қазақстандағы  телекоммуникация саласын дамытып жүрген мамандар марапатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 
Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингінде көш бастап тұр. Сонымен қатар, елдегі онлайн-қызметтер көрсетудің сапасы да жоғары. Мұның барлығы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың қажырлы еңбегінің арқасында. 
 Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай облыстың телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосқан қызметкерлер ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың және ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың алғыс хаттарымен марапатталды. 

-    Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Әр ауыл-аймақты қолжетімді  интернетпен қамтамасыз ету  жолындағы менің және әріптестерімнің еңбегі бағаланғанына қуаныштымын, - деді ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының цифрландыру және ақпараттандыруды дамыту бөлімінің басшысы Гүлназ Ахметова. 

Айта кету керек, өңірдегі 357 елді мекеннің 202-сі мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Бұл халықтың жалпы санының 96%-ын құрайды.


Ақерке Рағызбаева 
Фото: ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының баспасөз қызметінен

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу