Шығысқазақстандық спортшылар әлем чемпионатында үшінші медалін жеңіп алды
Фото: olympic.kz
Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медальға ие болды.
Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты Қысқы спорт түрлерінен жоғары спорттық шеберлік мектебінің тәрбиеленушілері жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында медальдарға ие болды.
Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс медаль еншіледі. Спортшылар финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде АҚШ-2 командасына есе жіберді. Үшінші орынды АҚШ-3 командасы иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін жерлесіміз Анастасия Городко алтын мен күміс жеңіп алған еді.