KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды

фото: olympic.kz

5.04.2024, 20:39 105 Оразай Жеңісұлы

Итальяның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғаған шығысқазақстандық спортшы Анастасия Городко жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

18 жастағы жерлесіміз 71.89 ұпаймен жеңіске жетті.

Екінші және үшінші орынды жапондық спортшылар Ито Марин (71.35) мен Юго Тагучи (69.96) өзара бөлісті. 

Бұл Анастасия Городконың ауыр жарақаттан кейін қол жеткізген алғашқы жеңісі екенін айтуымыз керек. Осылайша, әлемдік доданың жеңіс тұғырынан екінші мәрте көрінді. Ол жасөспірімдер арасындағы параллельді могулдан 2022 жылы чемпион атанған болатын. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив