KZ
Өскемен
-8°
плотный туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

ШҚО-да 18 қаңтарға қолайсыз ауа райы болжамы жасалды

pexels.com

18.01.2025, 09:00 1 131 Төлеуғазы Жансая

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауады. Сонымен қатар, бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, солтүстік және шығыс аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді.

ШҚО ТЖД тұрғындарды ауа райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады. Елді мекендерден тыс жерлерге сапарға шықпау ұсынылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу