KZ
Өскемен
-19°
плотный туман Штиль
515.97 537.8 5.25

ШҚО аумағында тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 09:00 48 Төлеуғазы Жансая

"Қазгидромет" РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметінше, 6 ақпан күні облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарында тұман күтіледі. Өскемен қаласында да түнде және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осыған байланысты жүргізушілерге жолда барынша сақ болу, көлік жылдамдығын шектеу және қауіпсіз қашықтықты сақтау ұсынылады. Тұман көріну қашықтығын төмендетіп, жолдағы жағдайды күрделендіруі мүмкін.
Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жарақат алу қаупін азайту үшін абай болу, жолдан өткенде ерекше сақтық шараларын сақтау қажет.
Егер төтенше жағдайлар орын алса, дереу 112 нөміріне хабарласу ұсынылады.
Ауа райы болжамдарын үнемі қадағалап, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге шақырамыз,- делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу