KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Өскемен мен облыстың кей аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

pexels.com

15.01.2025, 09:00 952 Төлеуғазы Жансая

"Қазгидромет" ШҚ филиалы 15 қаңтарда облыстың солтүстік, оңтүстік және орталық аймақтарында тұман мен күшті желдің болатынын хабарлады. Түнде және таңертең ауа райы қолайсыз болмақ. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында да тұман күтілуде. Әсіресе, осы кезеңде жолда жүруге шығатындар үшін жол ережелерін қатаң сақтау маңызды: жылдамдықты шектеу және қауіпсіз қашықтықты сақтау керек.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу