KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
501.79 595.07 6.56

Глубокое ауданында бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды

14.02.2025, 07:30 1 883 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасының мәліметінше, 2025 жылғы 14 ақпанда Глубокое ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран, желдің жылдамдығы 6-8 м/с) бірқатар мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.

Қашықтықтан оқыту форматына көшетін мектептер:

  • 0-4 сыныптар: «Белоусовка бастауыш мектебі – балабақша кешені» КММ;
  • 0-9 сыныптар: «Белоусовка негізгі мектебі» КММ;
  • 0-11 сыныптар: «Белоусовка №1 орта мектебі» КММ, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» КММ, «Винное орта мектебі» КММ, «Малоубинка орта мектебі» КММ, «Быструха орта мектебі – балабақша кешені» КММ, «Тарханка орта мектебі – балабақша кешені» КММ, «Прогресс орта мектебі» КММ «Секисовка орта мектебі – балабақша кешені» КММ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу