KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, С
515.31 533.96 5.3

Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған нәрестені тікұшақпен ауруханаға жеткізді

Кеше, 19:30 44 Төлеуғазы Жансая

 

Өңірдегі қолайсыз ауа райы және жолдардағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты, сәбидің денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында ҚР ТЖМ әуе кемесі тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазавиақұтқару» ТЖМ ұшқыштары Асхат Құдабаев пен Арман Айбусинов нәрестені Алтай қаласынан Өскеменге шұғыл түрде жеткізді. Ұшу барысында оларды санитарлық авиация дәрігерлерінің бригадасы алып жүрді.

Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында нәресте мен оның анасы Ана мен бала орталығына аман-есен жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы мамандардың бақылауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу