KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, СБ
509.63 592.34 6.54

«Екі жақты пневмония». Алты жастағы баланы Күршімнен Өскеменге жеткізді

20.04.2020, 04:52 480

Күршім ауданынан 6 жастағы бала санитариялық авиациямен облыс орталығына жеткізілді. «Екі жақты пневмония», – дейді мамандар.

– Бала Марқакөлде тұрады. Ол жақта қажетті құрал-жабдық жоқ. Баланы аудан орталығына жеткізіпті. Алайда арнайы аппарат болмаса, баладан айырылып қалуымыз мүмкін еді. Сол себепті авиацияға жүгінуге тура келді, – деді облыстық қоғамдық кеңес жанындағы денсаулық сақтау мәселелері бойынша жауапты жұмыс тобының жетекшісі Татьяна Чернышова.

Оның айтуынша, бала Өскемендегі Ана мен бала орталығына жатқызылды.

– Бала Өскеменге толық жабдықталған «ҚазАвиаҚұтқару» мекемесінің ЕС-145 Еурокоптерімен жеткізілді. Дистанциядан кеңес берген Ана мен бала орталығы мен санавиация мамандарына зор алғыс! Қазір баланың жағдайы қалыпты, – деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу