ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты жол қозғалысы шектелді

"Қазселденқорғау" мекемесінің ШҚ филиалының мәліметіне сәйкес, 21 ақпан сағат 16:00-ден 22 ақпан 08:00-ге дейін қар көшкіні қаупіне байланысты жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» автожолының 1-25 шақырымдық бөлігі (Согорное ауылынан Барлық ауылына дейін) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.
Тек жол қызметінің арнайы техникасына ғана жүруге рұқсат етілген.
Жол қозғалысына қатысты өзекті ақпаратты Darmen қосымшасынан қадағалауға болады.
Оқи отырыңыз