Шығыс Қазақстанда тұман күтіледі

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 28 ақпанда облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.
Осындай ауа райында жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмай, жолда аса сақ болу ұсынылады. Жаяу жүргіншілер тайғақ жолда жарақат алмау үшін абай болуға тиіс.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.
Оқи отырыңыз