KZ
Өскемен
-15°
туман жел 4 м/с, СШ
498.69 522.23 5.79

Ертең өңірде тұман мен қатты жел күтіледі

Фото: pixabay.com

Бүгін, 18:00 66 Гульжан Мусина

«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметінше, 26 ақпан күні түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстігінде күндіз желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді. Өскемен қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

- Осындай ауа райында жүргізушілерге жолда барынша сақ болу, жылдамдықты шектен тыс асырмау және қауіпсіздік ережелерін сақтау ұсынылады. Жаяу жүргіншілер тайғақ жолдарда жарақат алмау үшін абай болулары қажет. Төтенше жағдай орын алса, 112 нөміріне хабарласыңыз, - деді ШҚО ТЖД өкілдері.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу