Шығыста Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтеді
9 наурыз күні Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының көрермендер залында жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған «Қара сөздің қарагері – Қалихан» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Шараны Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы ұйымдастырады.
Шараның басты мақсаты – қазақтың бай мұрасы саналатын айтысты насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ қаламгер Қалихан Ысқақтың шығармашылығын ұлықтау.
Айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 12 үздік ақын қатысып, сөз сайысына түседі.
Әділқазылар алқасы:
Жүрсін Ерман – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарма төрағасы (төраға);
Әлібек Қаңтарбаев – жазушы, публицист, ҚР Жазушылар одағының ШҚО филиалының директоры;
Қалқаман Сарин – белгілі ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Жанарбек Әшімжан – ақын, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
Дәулет Сметов – ақын, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Абай облысы филиалының директоры;
Серік Қусанбаев – ақын, жыршы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, «Айтыстың ақтаңгері» атағының иегері;
Серікзат Дүйсенғазы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері;
Өміржан Көпбосын – әділқазылар алқасының сарапшысы.
Айтыс жеңімпаздарына арнайы сыйақы мен марапаттар табысталады.
Өтетін орны: ШҚО филармониясы, Өскемен қаласы
Күні: 9 наурыз 2025 жыл
Басталуы: 11:00
Кіру тегін