KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 4 м/с, В
488.26 530.54 5.03

Шығыста төл өнер төрге озып келеді

28.12.2023, 15:30 184 Оразай Жеңісұлы

Төл өнеріміз төрге озып келеді. Сөз барымтасы саналатын айтыс туралы айтып отырмыз. Соңғы уақытта өңірде мұндай додалар жиі ұйымдастырылатын болды. Аймақта суырылып алға шыққан ақындар елдік бәйгелерде бақ сынай алды. Осы орайда оқушылар айтысы да оқшау қалып жатқан жоқ. 


Бұл туралы «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының қорытынды жиынында айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Ұлттық құндылықты ұлықтайтын мұндай іс-шараларды ұйымдастыруға облыстық мәдениет басқармасы елеулі үлес қосқанын айтқан жөн. Қос тарап тізе қосып атқарған жұмыстардың нәтижесі жөнінде жиында сөз алған басқарма басшысы Нұрболат Ахметжанов айтып берді.


– Жыл көлемінде бірқатар жұмыс жолға қойылды. Одақ филиалымен бірлесіп облыс көлімінде әлі талай тағылымды іс-шара ұйымдастыру жоспарда бар. Ата-мұра өнерді өрге сүйреп жүрген азаматтардың еңбегі табысты болғай, – деді Нұрболат Қадырұлы.


Сөз басында оқушылар арасында айтыс өнері кең насихатталғанын айттық. Міне, сол балдырған ақындарға халықаралық одақтың басқарма төрағасы Жүрсін Ермановтың алғыс хаты табысталды. Бұл өскелең ұрпақтың өнеріне демеу болғанын анық. Сондай-ақ ірі додаларда өңір намысын қорғап жүрген белгілі айыскерлер де ескерусіз қалмады.


Жиында өңірдің мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан белгілі ақын, термеші Нұртай Тілеужан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттылды. Қастерлі өнерге қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан өнерпаздың еңбегін айтыскерлер одағының өңірлік филиалындағы мамандар елеп-ескеріп, марапатқа ұсынған екен. Төсбелгіні "сала үздігіне" облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов пен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» ШҚОФ төрағасы Серік Қуанған табыстады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив