KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
505.15 550.31 5.89

Құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер: инклюзия, ғылым және су қауіпсіздігі

Кеше, 15:09 130 Төлеуғазы Жансая


Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында ел дамуы үшін маңызды бірқатар мәселе талқыланды. Бұл жолғы құрылтай – тек ұлттық идеологияны жаңғырту емес, сонымен қатар қоғамдағы өзекті түйткілдерге нақты шешімдер ұсынған мазмұнды жиын болды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Отырыста инклюзия саласына ерекше көңіл бөлінді. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті соңғы жылдары инклюзивті білім беру бағытында тың бастамаларға жол ашып келеді. Университет жанынан "Энергопедагогика" және "Ерте әсер ету педагогикасы" секілді жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Бұл – ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдаудың заманауи үлгісі.

– Білім мен ғылым саласы да құрылтай назарынан тыс қалмады. Жоғары білім беру сапасын арттыру, жас ғалымдарды гранттармен және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібіне көтерілді. Қазіргі уақытта ғылымды коммерцияландыру – басты мақсаттардың бірі. Осы бағытта Шығыс Қазақстан университетінде 100-ден аса ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Оның бірқатары – мега-гранттар аясында қолға алынған бастамалар.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тапшылығы мәселесіне қатысты айтқан ескертулері аясында ШҚУ ғалымдары су тазартуға арналған арнайы фильтрлер жасаумен айналысуда. Бұл жоба 2025 жылдың тамыз айынан бастап іске қосылады деп жоспарланған. Ғылыми негізде дайындалған сүзгілер ауызсудың сапасын арттыруға бағытталған, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу