KZ
Өскемен
-15°
туман жел 2 м/с, СШ
505.15 550.31 5.89

Құрылтайда жастарға арналған бастамалар талқыланды

Бүгін, 15:15 58 Төлеуғазы Жансая


Кеше ұлттық құрылтай өтіп, ел дамуының маңызды мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Жиын қорытындысы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі жетекшісінің орынбасары Бақдәулет Анас өз пікірін білдірді.

– Құрылтай – жастар үшін берері мол алаң деуге болады. Себебі жыл сайынғы құрылтайда ел дамуына қатысты өзекті мәселелермен қатар, жастарға қатысты тақырыптар да кеңінен қозғалып келеді. Әсіресе жастарға арналған бағдарламалар, олардың білім алуы, ғылыммен айналысуы секілді маңызды мәселелер назардан тыс қалған емес.
Соңғы жылдары ғылым мен білімге көңіл бөлінуі айтарлықтай артты. Бұл бағытта жастардың ғылымға араласуы, зерттеулермен айналысуы – басты назарда. Мәселен, қазір жас ғалымдарға арналған арнайы бағдарламалар арқылы мемлекет тарапынан түрлі гранттар бөлініп жатыр. Мен де биыл сол грант иегерлерінің бірі атандым.
«Жас ғалым» бағдарламасы аясында нанотехнологияларды STEM технологиясы негізінде дамыту және қызметтегі физика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін арттыруға бағытталған жобам мемлекеттен шамамен 27 миллион теңге көлемінде қаржыландырылды, – дейді ол.

Сұхбат барысында ол талқыланған тақырыптардың негізгі аспектілеріне тоқталып, өз көзқарасын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу