KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, З
525.11 546.74 4.88

Білім беру бағдарламалары қайта жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай бейімделуде

3.01.2025, 14:55 385 Гульжан Мусина

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ana tili» газетіндегі сұхбатында елдің өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Президент атап өткен «Таза Қазақстан» идеясы ұлттық идеологиямыздың маңызды бөлігіне айналуы тиіс. Осыған орай, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастырды. Университет қаланың аумақтарын абаттандыру және тазарту жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосып келеді.

Университет ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасымен Панкратьев бағында жасыл акция өткізілді. Акция аясында 100-ден астам студенті мен оқытушысы 100 таңқурай, 100 қаражидек, 100 «Шукшин естелігі» қарақатының түбін және 60 шырша ағашын отырғызды. Бұл жасыл желектер экожүйені жақсартуға, топырақ эрозиясын болдырмауға және ауаны тазартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Президент сұхбатында Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі ірі цифрлық хабтардың біріне айналдыру міндеті толықтай жүзеге асырылуы мүмкін екенін атап өтті. Ол үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту қажет екенін және мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында жасанды интеллект технологияларын пайдалануды үйрету жастарымыз үшін аса маңызды екенін айтты.
Осыған орай, ШҚУ цифрландыруды енгізу және ғылымды дамыту бойынша нақты қадамдар жасауда. Университет базасында құрылған «Shygys Bastau» технопаркі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен стартап жобаларды қолдаумен айналысады. Мұнда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы жиһаздар, сондай-ақ заманауи технологияларға негізделген түрлі инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.
2024 жылы университеттің барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектке қатысты жаңа пәндер енгізілді. Ал 2025 жылы білім беру бағдарламалары қайта жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай бейімделуде.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, елдің тұрақты дамуына үлесін қосу үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Нурлана Алимбекова, С.Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкері

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу