Дәурен Байдрахманов: «Құрылтай – халық пен биліктің өзара үнқатысуының үлгісі»

Елімізде қоғам, экономика және мәдениетті дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланған Ұлттық құрылтай өтті, деп хабарлайды Altainews.kz.
Құрылтайда қабылданған шешімдер мен олардың маңызы туралы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі жетекшісі Дәурен Байдрахманов өз пікірін білдірді.
– Құрылтайға қатысушылар түрлі салалар бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, білім беру, мәдениет және әлеуметтік саясатқа қатысты тың идеялар айтты. Бұл – ел тағдырына немқұрайлы қарамайтын азаматтардың белсенділігін көрсетеді. Ең бастысы – құрылтайда айтылған мәселелер барша қазақстандықтарға ортақ. Сондықтан да біз, қоғам болып, осы түйткілдердің шешімін бірлесе іздеуіміз керек.
Бүгінгі таңда құрылтайда ұсынылған идеялар мен бастамалардың шынайы өмірге енгізілуі аса маңызды. Олар әр отбасының, әрбір азаматтың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Сондықтан осы форумда айтылған бастамалар болашақта нақты іске асып, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосады деген сенім мол, – деді ол.

Оқи отырыңыз
Құрылтайда жастарға арналған бастамалар талқыландыЖаннета Қалимолдина: «Ұлттық құрылтайда маңызды мәселелер талқыланды»Құрылтайда көтерілген маңызды мәселелер: инклюзия, ғылым және су қауіпсіздігіГүлмира Байыркенова: Ел болашағы үшін маңызды бастамалар айтылдыМемлекет басшысының қатысуымен Бурабайда Ұлттық Құрылтайдың IV отырысы өтті