Жаннета Қалимолдина: «Ұлттық құрылтайда маңызды мәселелер талқыланды»

Кеше өткен ұлттық құрылтайда елдің дамуы мен өзекті мәселелері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Осыған байланысты С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жаннета Қалимолдина өз ойын ортаға салды.
– Бүгін Бурабайда өткен ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы – мен үшін аса маңызды оқиға болды. Жалпы, тарихшылар үшін құрылтай – ел тарихында ерекше орын алатын маңызды жиын. Онда тек елдік деңгейдегі мәселелер ғана емес, қарапайым халықтың көкейінде жүрген түйткілдер де көтеріледі.
Менің ерекше назар аударған тұсым – Президенттің тәрбие мен білімді бір-бірінен бөліп қарауға болмайды деген ұстанымы. Бүгінде біз көбіне ғылым мен әдістемеге бет бұрып, тәрбиенің маңызын екінші орынға ысырып барамыз. Алайда кез келген жастың болашағы – ең алдымен, оның бойына сіңірілген тәрбиеге байланысты. Жас ұрпақтың тілін, ой-армандарын, адамдық ұстанымдарын білу арқылы ғана біз адал, еңбекқор, білімге құштар азаматты қалыптастыра аламыз, – деді ол.

Сұхбат барысында ол көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдіріп, өз көзқарасын жеткізді.
Оқи отырыңыз