KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 3 м/с, ОБ
517.16 588.48 6.23

Өскеменде 40-тан астам адамды кене шақты

9.04.2025, 12:00 180 Төлеуғазы Жансая

Кене шаққан барлықадамдар кене энцефалитіне қарсы екпе алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 наурыз бен 7 сәуір аралығында Өскемен қаласының 43 тұрғыны кене шақты деп медициналық ұйымдарға жүгінген. Олардың 41-і иммуноглобулин алған, бір адам егуден бас тартқан, тағы бір адам кешігіп келгендіктен екпе алмады.

Айта кетейік, 7 сәуір мен 5 мамыр аралығында облыстың эндемиялық аумақтарында кене энцефалиті мен туляремияға қарсы күрес мақсатында дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жұмыстар кезінде дезинфекциялық құралдар шашылып, кеміргіштерге арналған улар қойылады. Эндемиялық аумақтарға Өскемен маңы да кіреді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу