KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да кене шағу оқиғалары ең көп тіркелген аудандар

6.06.2019, 08:23 175

Шығыс Қазақстанның эндемиалық аумақтарында кене энцефалитінің эпидемиологиялық маусымы биыл наурыз айының соңында басталған. Бұл жөнінде бүгін ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтылды.

- 2019 жылдың 26 наурызы 28 мамыры аралығында өңіріміздің медициналық мекемелеріне кене шағу бойынша 2254 адам жүгінсе, олардың 94 пайызына кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препараты егілді. Жалпы биыл кене шағу бойынша жүгінген жұртшылықтың 34 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл қауіпті жәндік шақты деп шағымданғандар көрсеткішінің 10 пайызға артқаны байқалады, - деп хабарлады ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Әлия Оспанова.

Жауапты тұлғаның хабарлауынша, кене шағу жағдайлары өткен жылдардағы сияқты өңірдің эндемиялық аумақтары саналатын Өскемен, Риддер қалалары мен Катонқарағай ауданында көп кездескен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив